Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: Қорғаныс министрлігі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады

Ақтөбе облысында тікұшақ апаты: Қорғаныс министрлігі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 12:49 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында ұшақтың құлауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты", - делінген хабарламада.

Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақау.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр.

"Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: