Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Шымкенттің гүл дүкенінде болған екі оқиғаның егжей-тегжейін айтты

гүл дүкені, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 23:03 Сурет: видео скрині
Шымкенттің гүл дүкеніндегі оқиғалар туралы "Romantic" гүл дүкенінде болған екі оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Полиция бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші бейнежазбада ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Полицияның мәліметінше, бұл жайт 8 тамыз күні болған. Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды.

Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран аудандық полиция басқармасына жеткізді. К. есімді азамат 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкентте тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады. Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына "Ұсақ бұзақылық" сәйкес 7 тәулікке қамауға алынды.


Екінші бейнежазба басқа, мұндағы 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер. 8 мамырда ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран аудандық полиция басқармасының 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Бұл жайтқа қатысты Тұран аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен "Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат биылғы 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері екені анықталды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: