Қостанай облысындағы ресейлік техника легі – Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2022 19:40 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қостанай облысында кетіп бара жатқан ресейлік техника легінің видеосына қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік техниканың Қостанай облысында жүріп-тұруына қатысты ақпаратты Қорғаныс министрлігі Telegram арнасында жариялады.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесі легінің Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кетуі көрсетілген, делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі бұл бөлімше Қазақстанға биылғы жылдың 14 наурызында Қостанай облысында қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру үшін келгенін айтады.

Сондай-ақ құзырлы ведомство бұдан бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ «Союз МС-19» кемесі қонғаны хабарланғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: