Ақтөбе облысында тікұшақ құлады: зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар

Ақтөбе облысында тікұшақ құлады: зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 12:40 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112-ге Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.

Оқиға туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: