Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Тәжікстан азаматы қаза болды
Сурет: polisia.kz
3 наурызда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында Самара - Шымкент автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы оқиға орнында мерт болды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Ырғыз ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Санат Имантаев жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
