Ақтөбе облысында ірі жол апаты орын алып, бір адам көз жұмды

Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2022 14:25 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында 3 қаңтар түні Самара-Шымкент автожолында ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ПД мәліметтері бойынша, Тойота Alphard жүргізушісі Қобда кенті жағынан Ақтөбе бағытына қарай бара жатқанда, рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, қар тиеген КамАЗ көлігін соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы Тойота Alphard жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, 5 жолаушы (екі бала бар) ауруханаға жатқызылды.Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысын сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: