Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, алты адам қаза тапты
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
31 шілдеге қараған түні Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, 32 жастағы Honda Fit маркалы көліктің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бетіне шығып, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны тізгіндеген Lada Largus көлігімен соқтығысқан.
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Жол апаты салдарынан оқиға орнында Lada жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, сондай-ақ Honda көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.
Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Honda жүргізушісі 30 жастағы жолаушысымен бірге түрлі дене жарақатымен Ырғыз ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript