Павлодарда тас жолда жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
Павлодар ауданы Шақат ауылының маңындағы Шақат – Восточный – Шалдай тас жолының екінші шақырымында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 жастағы жүргізушісі тізгіндеген ВАЗ-2110 көлігі ГАЗ-53-пен соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің 1987 және 1978 жылдарғы жолаушылары оқиға орнында қаза тапты, 1969 жылғы жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: