Ақтөбе облысында ауыр жүк көлігімен соқтығысқан «Газелдің» жүргізушісі көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 23:15 Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Әйтеке би ауданы Қияқты ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Газелдің" 38 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, Өзбекстан азаматының тізгіндеуіндегі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Соққыдан кейін " Газель" отқа оранды. Оның жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: