Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады: аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 9 қарашада Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы Ми-8 тікұшағы апатынан аман қалған екі адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер Ақтөбе ауруханасында жатыр.

"Науқастардың жағдайы – тұрақты ауыр. Олар есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатыр". Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Басқарма Сарыжар ауылында тікұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы хабарлама 103 қызметіне сағат 11:36-да түскен.

"Оқиға орнында екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. Зардап шеккен тағы бір адам 103 қызметі жеткенше қайтыс болды. Ақтөбеде екі жансақтау бригадасы науқастарды аэродромда күтіп алды. Қосаралас жарақат алған екі науқас облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, диагностика жүргізіліп жатыр"Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонғанын хабарлаған едік.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақау.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды