Астанада коммунальдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада қар тазалау жұмыстарына 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Елордада түні бойы жауын-шашын көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр. 9-ынан 10 қарашаға қараған түні қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл - 188 ауыр жүк рейсі", деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

"Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады", делінген әкімдік хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді