ҰҚК бес қазақстандықты тұтқындады: оларға қандай айып тағылып отыр

Сурет: YouTube/knbgovkz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан бойынша бірқатар адамдардың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың 7 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдарының қатысуымен Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстады.

Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға "шығуға болмайтындығы туралы қол қою" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

"Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтындығы атап өтілді.

Бұған дейін ҰҚК қызметкерлерінің Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді