ҰҚК Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алды

Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, КНБ РК, задержания, задержание, ОПГ, приступная группировка, криминал, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 11:12 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2024 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Жамбыл облысында екі есірткі тобының құрықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, 2024 жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

"Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, комитет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтындығын айтты.

Бұған дейін полиция қызметкерлерінің ұрланған 3,5 мың мал басын иелеріне қайтарғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: