Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі дайындау кезінде ұсталды: ҰҚК арнайы операцияның кадрларын көрсетті

Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қалалық прокуратурасымен келісе отырып, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кескен., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 13:31 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Тағы бір есірткі зертханасының жойылғаны туралы 2024 жылдың 5 қыркүйегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қалалық прокуратурасымен келісе отырып, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кескен.

Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Шамамен 4 кг "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетелвалютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды." ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: