ҰҚК арнайы операцияның эксклюзивті кадрларын жариялады
2024 жылдың мамыр айының басында ҰҚК «Бүркіт» ПСН көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Павлодарда синтетикалық есірткінің ірі астыртын өндірісін жою бойынша операция жүргізді.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген ведомствоның 21 мамырдағы хабарламасында.
Сондай-ақ, саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.
"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
3 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Еуропа елдері арасында есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлескен операция жүргізілетіні туралы хабарланған болатын. Дамудың соңғы кезеңі 60 кг апиын мен 12 кг метамфетаминді тасымалдау кезінде Германияда екі шетелдіктің ұсталуы болды.