Жас ғалымдардың жобаларына 20 млн теңге бөлінді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жыл сайын жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдау мақсатында гранттар тағайындалады. Биыл қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млн теңгеге артып, 15 жоба жеңімпаз атанды.

Бұл жас ғалымдардың ғылыми – зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, өңірлік және республикалық деңгейде жаңашыл зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік.

Сурет: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

"Өз жобамда ауыл шаруашылығы саласының цифрлық трансформациясын мемлекеттік реттеудің заманауи моделін зерттеймін. Жоба нәтижесінде ауыл шаруашылығын климаттық қаржыландыруды субсидиялаудың жаңа механизмін әзірлеп, ұсынатын боламын", - деді жас ғалым Ағжан Сайлаубекқызы.


Сурет: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Университетте 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға 2021 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы гранттар бөлініп келеді. Бүгінге дейін 33 жобаға жалпы көлемі 50 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда оқу орнында ғылымнан түскен жалпы табыс 4 есеге өсті. Бұдан бөлек, профессор-оқытушылар құрамының индекстелген журналдарда мақала жариялау белсенділігі жыл сайын артып келеді. Нақты айтқанда, 2024 жылы Scopus деректер базасында 99 ғылыми мақала, Web of Science деректер базасында 50 ғылыми мақала жарияланды.

Сурет: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Университет ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін 8 ғылыми журнал шығарады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: