Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК алдағы үш тәулік, 2024 жылғы 21-23 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елорда мен оңтүстік астанада жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман болады, ал Шымкентте сынап бағаны +13°С көрсетіп, күн жылынады.

Астанада:

21 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с , таңертең және түстен кейінгі екпіні - 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы: -2...-4°С, күндіз: 0°С шамасында.

22 қараша - аспан бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -7...-9°С, күндіз: -3...-5°С.

23 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -4...-6°С.

Алматыда:

21 қараша - аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, күндіз аздап жаңбыр болады, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы: +2...+4°С, күндіз: +8...+10°С.

22 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +1...+3°С.

23 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С аяз, күндіз: +3...+5°С.

Шымкентте:

21 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +10...+12°С.

22 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы: -1...+ 1°С, күндіз: + 8...+ 10°С.

23 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +11...+13°С.

2024 жылғы 2 қарашада еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын. 

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды