"Мектепке жарылғыш зат орнаттым": ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің кезекші бөліміне мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпараттың шынайылығын анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті – аталған мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады.

Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді.

14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады