Алматы облысында 23 заңсыз құрылыс нысаны сүріледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өткен айда Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) инспекторлары ауқымды тексерістер жүргізіп, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзудың жүздеген фактісін анықтады. Тексерістердің қорытындысы бойынша 78 әкімшілік материал әзірленді.

Олардың 28-і облыстық соттарға жолданды, ал қылмыстық іс қозғалмаған құқықбұзушыларға жалпы сомасы 14 644 140 теңге айыппұл салынды.

Тексерістер барысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың материалдары да сотқа жолданды. Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды.

Қонаев қаласындағы оқу корпусы, "Eco-Park Alatau" ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Жауапқа тартылған мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарына қатысты шаралар қабылданды. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екіуі — ТОО "Sheberbuild" және ТОО "Жаңарту" — сот шешімімен лицензиясынан айрылған.

"Алматы облысындағы құрылыс саласын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тексерістеріміз тек рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін күрес, — деді Алматы облысы сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басшысының міндетін атқарушы Өзенбаев Ғабиден. — Құрылыс нормаларын бұзушылар заң арқылы қатал жазаланатын болады. Біз облыс бойынша, әрбір құрылыс нысаны барлық талаптар мен стандарттарға сай болғанша алған беттен қайтпай тексеруді жалғастыра береміз!" Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) облыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі