Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді

Фото: Министерство обороны РК
Израиль мен "Хезболла" қозғалысы атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы мәміле бірнеше сағат бұрын күшіне енді.

Мұның алдында АҚШ президенті тараптардың шабуылдарды доғару жөніндегі келісімді қабылдағанын жариялаған еді. "Әскери қимылдар аяқталады. Бұл тұрақты ымыраға ұласуы керек", — дейді Құрама Штаттар лидері.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдегендей, "Хезболла" келісімді бұзса, соғыстың қайта басталатынын ескертті. Дегенмен "Рейтер" агеттігінің хабарлауынша, Бейрутте атыстың жаңғырығы әлі естіліп жатыр. Ол мерекелік отшашу да болуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Бітімге сәйкес, "Хезболла" өз жасақтарын Израиль шекарасынан 30 шақырым алшақтатуға тиіс. Ал Израиль Ливаннан қарулы күштерін 60 күнде шығаруға міндетті. Содан кейін Ливан-Израиль шекарасы Ливан армиясының бақылауына өтеді.

Бұл аймақта атыс былтыр Израиль Газа секторында "Хамасқа" қарсы соғыс ашқанда басталды. Содан бері Ливанда Израильдің шабуылдарынан 3700-дей адам қаза тауып, 1 миллионнан астамы үйлерін тастап кеткен.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды