Оның айтуынша, шектеулі жиында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтіп, Қазақстанның төрағалығымен биылғы ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелері талқыланды.
"Кездесу нәтижелері біздің ұжымдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қауіп-қатерлердің алдын алу үшін бірлесіп әрекет етуге дайын екенімізді тағы бір рет растады. Талқылау барысында біз халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстырдық.Ағымдағы жағдайға берген жалпы бағамыз бен ҰҚШҰ-ны одан әрі дамытуға деген көзқарасымыз Қазақстанның бастамасымен әзірленген Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясында көрсетілген", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.
"Ардагерлердің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады.Осы атаулы дата қарсаңында біз ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесін қабылдауды, сондай-ақ мерейтойды мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді маңызды деп санаймыз.Бүгінгі айтылған ұсыныстар мен бастамалар ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесі үшін жүзеге асатынына сенімдімін", — деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаев қазіргі жағдайда ҰҚШҰ-ның маңыздылығы туралы айтқан болатын.