Күніне 600 адам сыйымдылығы бар жаңа спорт нысанын салу арқылы жергілікті тұрғындар сапалы спорт жабдықтарына қол жеткізеді және үйлеріне жақын жерде әртүрлі спорт түрлерімен айналыса алады.
Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Алайда, шарттық міндеттемелердің бұзылуы салдарынан мердігер — "БУРҒАН2005" ЖШС 2022 жылғы желтоқсанда сот қаулысымен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды, одан тұрақсыздық айыбы өндіріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға бұйрық берілді.
Жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барған кезде Алматы әкімі Олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлері Дмитрий Баландинмен, Александра Ле және Ислам Сәтбаевпен кездесті. Спортшылармен әңгімелескен Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы "Авиатор" стадионында тағы бір ДСК-нің салынатынын, оның жобасында оқ атуға арналған заманауи зал, спорттық жарыстарға өткізуге болатын елу метрлік бассейн қарастырылатынын атап өтті.
"Жас Қанат шағын ауданындағы жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені жас спортшылар мен жергілікті тұрғындар ыңғайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алатын тартымды орынға айналады. Заманауи стандарттарға сәйкес келетін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қаламызға қажет. Олардың құрылысы барысында біз барлық тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің тұтас желісін құра аламыз", — деп атап өтті Ерболат Досаев олимпиадашылармен кездесу кезінде.
Алматы әкімінің алдыңғы тапсырмаларын назарға ала отырып, Жас қанат шағын ауданындағы ДСК-нің кестесі ЖМДБ тәрбиеленушілері сабақтарына және аудан тұрғындарына қатысты жасалды, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері де келуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы айда Зерделі ш/а күніне 400 келушіге арналған жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жалпы Алматыда үш (Шұғыла, Саялы және Авиатор шағын аудандарында) ДСК- ін салу жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығының.