Алматыда Жандосов көшесімен қозғалыс уақытша шектеледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
29 қарашадан 30 қарашаға қараған түні сағат 00:00-ден 1 желтоқсан сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінде Пролетар көшесімен қиылыста көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше шектеу кәріз желілерін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары аумағын Яссауи көшесі мен Орталық көшесі арқылы Солтүстік-Батыс бағытында, Оңтүстік-Батыс бағытында Шаймерденов көшесі, Ықылас көшесі, Дауленов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Аталған учаскеде "Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы шағын ауданындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде магистралды кәріз желілерін салу" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша Наурызбай ауданының 40 мың тұрғынына қызмет көрсету үшін 6,5 км магистралды кәріз желісін салу жоспарланған.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз маршрутыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз." Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы