Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулікте, 2024 жылғы 30 қарашадан 2 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің екі ірі мегаполисінде қолайсыз ауа райы болады: аздап қар мен жаңбыр жауып, сондай-ақ қатты жел тұрады, тұман және көктайғақ болады деп күтіледі.

 Алматыда:

30 қараша - аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +8...+10°С.

1 желтоқсан - аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +3...+5°С.

2 желтоқсан - аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +3...+5°С.

Шымкентте:

30 қараша - аспан бұлтты, кейде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), түнде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +5...+7°С.

1 желтоқсан - аспан бұлтты, кейде жауын-шашын, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +3...+5°С.

2 желтоқсан - аспан бұлтты, кейде-жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батысқа оңтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +3...+5°С.

17°С-ға дейін аяз болжанатын елордада жауын-шашын күтілмейді.

Астанада:

30 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -3...-5°С.

1 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -5...-7°С.

2 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -4...-6°С.

30 қарашадан 2 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мына сілтемеге өту арқылы біле аласыздар.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады