Алматы халықаралық әуежайы маңызды ақпаратпен бөлісті

Фото: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылдың 3 желтоқсанында жолаушылар мен күтіп алушыларға маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе жаңа ашылған қосымша кіру жолы жайлы.

"Алматы халықаралық әуежайы 2-қабаттағы ұшып кету аймағына Ахметов көшесі жағынан қосымша кіру жолының ашылғаны туралы хабарлайды. Әуежай аумағына негізгі кіреберіс Майлин көшесі арқылы жүзеге асырылады", — деп жазылған ресми ақпаратта.

Қосымша кіреберіс жолаушылар мен әуежай қонақтарына 2-қабаттағы жөнелту аймағына жылдам әрі ыңғайлы кіруді қамтамасыз ету үшін жасалған.

6 қарашада Алматы әуежайының басшысы Гөкер Көсе әуе айлағының жұмысын жақсарту үшін күрделі қаржы қажет екенін айтты. Бұл сома 100 миллион доллар деп жарияланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады