Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, оның шеңберінде Президенттің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар басшылары баяндама жасады.

Сонымен қатар Комиссияға "Шар стансасы – Өскемен" теміржол желісі бойынша тасымалдау процесін қамтамасыз ететін "Dosjan Temir Joly" АҚ компаниясының қызметі туралы ақпарат берілді. Уәкілетті органдар компанияның монополиялық ережені пайдалана отырып, қызметтерге тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтергенін анықтады, осыған байланысты Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Комиссия "Шет-Энерго" ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясының қызметін талдау нәтижелерімен танысты. Аталған компанияның тұрақты апатты жағдайларға жол беруіне байланысты, сонымен қатар өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Комиссия "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компаниясының, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының, мұнай-химия кешені субъектісінің қызметіне қатысты мәселелерді қарады.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз