Алматыда келесі жылы 800 экологиялық автобус сатып алынады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаланың 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджеті қабылданды. Қала үшін негізгі бағыттардың бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып қала береді.

Мәселен, бюджетте 300 км жолға орташа жөндеу жүргізуге, 30 км тротуарларға, аялдама қалталары мен алаңдарына, сондай-ақ басқа да көлік құрылыстарына 35 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалалық қоғамдық көлікті жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. 2025 жылға арналған бюджетте газбен жүретін 600 автобус пен 200 электроавтобус сатып алу көзделген.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қалаға қосылған Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет, Боралдай ш/а аумақтарында жол құрылысы жалғасады.

Осылайша, жаңа жолдардың құрылысы 70 мыңнан астам тұрғынды қамти отырып, қалаға қосылған аумақтарға көліктік қызмет көрсетуді едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді