Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде

Сурет: Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев ӨКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, инновациялық технологиялар қазір өсімдік шаруашылығына белсенді түрде енгізілуде.

"Бүгінде облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері құнарлы қабатты сақтау үшін әртүрлі модификациялардың 37 егіс кешені, сондай-ақ дәл егіншілік, навигация және мониторинг жүйелері бар әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің (John Deere, Case New Holland, Fendt, Massey Ferguson, Valtra және Challenger) ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланады. Сонымен қатар, облыста 13 850 гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылады (оның ішінде жаңбырлатып суару – 12 257,2 га және тамшылатып суару – 1 572,8 га). Сондай-ақ шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникасында GPS навигациясын кеңінен қолданады", – деп атап өтті ол.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, мал шаруашылығында да цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Нақтырақ айтсақ, "Қаликанұлы", "Зейтенов", "Өрнек" сияқты шаруа қожалықтарында озық смарт-фермалардың элементтері қолданылады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде әр сиырдан күнделікті есеп жүргізіліп, ұрықтандыруды есепке алу үшін селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың ақпараттық базасында бұқаларды компьютерлік таңдау әдісі қолданылуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты