Алматыда полиция қарақшыларды ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жас жігіт өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, зорлық-зомбылықпен қорқытып, оны несие алуға мәжбүрлеген және ақшаны иемденген.

"Қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас бірнеше қылмыстық эпизодтарға қатысы бар екендігі белгілі болды. Осыған байланысты, күдіктілердің жеке басы мұқият тексерілуде. Сондай-ақ тергеу аясында ұрланған мүлікті жәбірленушілерге қайтару жұмыстары жүргізілуде", – дейді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы Батұржан Абдумасаров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін