Шерзат Полаттың өлімі: Алматы облысының әкімі қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: gov.kz
2024 жылғы 13 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шерзат Полаттың отбасына көңіл айтып, Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жалпы, аймақ басшысы атап өткендей, жағдай бақылауда.

"Құқық қорғау органдары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр.Осы орайда халыққа үндеу айтқым келеді: сабырлы болыңыз, құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа назар аударыңыз және сеніңіз.Олар қазір БАҚ арқылы ақпарат беріп, жұмыстарын ашық жүргізіп жатыр", – дейді Марат Сұлтанғазиев.

Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз