17 желтоқсанда еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатыны болжанады

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы қолайсыз ауа райына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады", - деп хабарлайды"Қазгидромет" РМК.

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.  Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.

Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -8...-10°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Арасында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -16...-18°С, күндіз: -5...-7°С.

Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: 0...-2°С.

Бұған дейін синоптиктер 17 желтоқсанда ауа райының күрт өзгеруі мүмкін екенін ескертіп, Астана мен еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды