Шығыс Қазақстан облысында -32-35 градус аяз түсті

Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысындағы солтүстік аудандарда аяз қаһарына мінді.

Марқакөлде өткен түнде сынап бағанасы -37-40 градусқа дейін төмендеді.

Сондықтан бүгін бұл ауданда Ұранқай және ШанаҒаты ауылдарындағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқуға көшірілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Алтай ауданында да қатты аяз болғандықтан, барлық орта мектеп бүгін қашықтан оқып жатыр.

Күршімде бастауыш сынып оқушылары да мектепке барған жоқ.

Аймақтағы басқа аудандарда күн райы тұрақты. Барлық бағыттағы автокөлік жолдары ашық.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты