Павлодарда түн тыныштығын бұзған тұрғын жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Көршілер арасындағы жанжалдардың ең жиі себептерінің бірі – шулы әрекеттер. Жыл басынан бері түн тыныштығын бұзғаны үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, жақында сағат түнгі 2:30-да Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, көршісінің қатты музыка қосып, үйде нағыз дискотека ұйымдастырғанын хабарлады.

"Мен төмен түсіп, есігін қағып, дыбысты азайтуды сыпайы түрде өтіндім. Алайда көршім есікті тарс жауып, көңіл көтеруін жалғастыра берді. Кез келген тұрғын сияқты менің де еңбек күнінен кейін тынығуға және түнгі тыныштықты сақтауға құқығым бар. Бірақ мұндай "мерекені" ұнататын көршілердің кесірінен жүйкемізге де, денсаулығымызға да зиян келеді", – деп шағымданды тұрғын.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тыныштықты бұзған азаматты жауапқа тартты. Полиция тұрғындарға мынадай кеңес береді. Егер көршілер музыка дауысын төмендету немесе жөндеу жұмыстарын тоқтату туралы өтінішке құлақ аспаса, батыл әрекет ету қажет.

Ең алдымен, дәлел жинаңыз. Мұны аудио немесе бейнежазба түрінде жасауға болады. Полицияға жазбаша шағым түсіріңіз. Тергеу жүргізілгеннен кейін құқық бұзушы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, полицияға 102 нөміріне қоңырау шалып, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдаланып немесе Instagram желісіндегі @dp_pavlodar, @polisia_pavlodar парақшаларына жаза аласыз.

"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатындағы қызметінің негізгі ұстанымы. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді, – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді