"Боран соғып, қар бұрқасындатады". 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді

Сурет: pxhere
Синоптиктер 2024 жылғы 22 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлі күнге дейін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады", деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жалпы елімізге ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, тұманның түсуі. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады.

Астанада аспан бұлтты, аздап қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: −13...-15°С, күндіз: -7...-9°С.

Алматыда түнде аспан бұлтты, аздап қар жауады. Күндіз аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: -5...-7°С.

Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: 0...+ 2°С.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде қандай ауа райы болатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді