Дүйсенбі, 23 желтоқсанда, синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.
"Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, тұманның түсуі, батыста көктайғақ болады", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Астана
23 желтоқсан: түнде және күндіз ауа райы құбылмалы, аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -5...-7°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°, күндіз: -12...-14°.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -18...-20°С, күндіз: -10...-12°С.
Алматы
23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
Шымкент
23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: +2...+4°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: +3...+5°С.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4...-6°С, күндіз: +3...+5°С.
Бұған дейін синоптиктер 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүретінін болжаған.