Алматының орталығында құбыр жарылды: Жылу беру қалпына келтірілді

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 23 желтоқсанында Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылы бойында жылу трассасында апат болды. Зақым құбырдың тозуы салдарынан орын алған. Келесі күні алматылықтардың үйлеріне жылу оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі 1984 жылы пайдалануға берілген Ду-800 құбырындағы ақауларды жою жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

"Сәтбаев – Достық – Тайманов көшелері аумағы және Самал-1, Самал-2, Самал-3 шағын аудандарында болған жылу желілеріндегі апат салдарынан жылу мен ыстық су өшірілген тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 06:00-ден бастап жылу кезең-кезеңімен беріліп, жүйе жұмыс параметріне шығарылады." "Алматы жылу желілері" ЖШС

Жылу беру жүйесі іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар – ПИК, МИБ және ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға ішкі желілердің жай-күйін тексеру қажет.

Еске саламыз, қандай да бір төтенше жағдай туындаса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетінше әрекет жасамай, келесі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз:

Жалпы, 2024 жылы Алматыда 25 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. "Алматы жылу желілері" ЖШС уәде еткендей бұл бағыттағы жұмыстар алдағы маусымда да жалғасын табады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін