Елге қызмет - мәртебелі міндет: Үздік полицейлер, сақшы- сарбаздар мен олардың ата-аналарына құрмет көрсетілді

Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысында үздік полицейлер мен олардың ата-аналарына құрмет көрсетілген ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Оған Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Өсербаев, аудан әкімі М.Тұрысбеков, прокурор Е.Қожабеков пен Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Мұратов, аудан тұрғындары, ардагерлер мен қызметкерлері қатысты.

Созақ ауданының полиция бөлімі 63 000-нан астам тұрғынға қызмет етіп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді. Ауданда қылмыстық ахуал тұрақты, яғни өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 20,8 %-ға азайған. Ал жыл басынан бері ішімдіксіз 3 ауыл (Аққолтық, Қарабұлақ, Балдысу) ашылып, тұрғындар спирттік ішімдіктен бас тартып, қылмыстың азаюына өз үлестерін қосуда.

Осыған орай әкімдік пен прокуратура "Елге қызмет – мәртебелі міндет" арнайы кең ауқымды іс-шарасының ұйымдастырылуына мұрындық болып, халықтың алғысына бөленіп, қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген және заңның сақталуына ерекше үлес қосқан полицейлерді марапаттады.

Тәртіп сақшыларына "Үздік учаскелік полиция қызметкері", "Үздік патрульдік полиция қызметкері", "Үздік әйел полиция қызметкері", "Үздік сақшы" номинациялары үлестірілді.

Жиын соңы тұрғындардың тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген полицейлерге арналған сахналық қойылыммен және өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті