Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне тәнті болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда дәстүрлі "Таңғажайып Жаңа Жыл" атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты.

Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады.

Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат — құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы "Щелкунчик" ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді.

"Бүгін біз сиқырлы ғажайыптың бір бөлігіне айналдық, бұл көңіл-күйді аниматорлар мен қызықты тапсырмалар бар байқаулар сыйлады. Әсіресе, маған сиқырлы сандықты ашу үшін кілт іздеген қатты ұнады. Сандықты ашып, оның ішін көру үшін бірігіп, жұмбақтарды тез шешуіміз керек болды. Бұл өте қызықты ойын болды, кей тапсырма қиынға соқты, бірақ біз бәрін бірге шештік. Бұл күн менде ұмытылмас әсер қалдырды", – деді №17 мектеп-интернатының оқушысы Талшын Құдұсова.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN "Песня" атты жаңа жылдық әнін орындап берді.

"Маған ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды, барлық жерде ғажайып атмосфера сезілді! Біз үшін жылдамдықты, тапқырлықты және батылдықты сынайтын қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе, маған ән айтып, сиқырлы кейіпкерді оятып, оны билеуге мәжбүрлейтін раунд ерекше ұнады. Сәл қиындау, бірақ өте қызықты болды. Уақытымды керемет өткіздім, тіпті өзімді ертегі кейіпкеріндей сезіндім", – деді №6 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Арай Байбасарова.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды