Embraer 190 бортындағы алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты

Сурет: pixabay
Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне сағат 11:02-де кірді. 11:28-де ұшақпен байланыс үзілді. Бортта 67 адам: 62 жолаушы, экипаждың бес мүшесі болды. Өкінішке қарай, 38 адам қаза тапты, 29-ы аман қалды. Жолаушылар бойынша деректер: Әзербайжаннан 37 адам болған, 23-і қаза тауып, 14-і аман қалды, Қырғызстаннан үш адам болған, бәрі аман, Ресей Федерациясынан 16 жолаушы болған, оның жетеуі қаза тапты, тоғызы тірі қалды. Бортта Қазақстаннан алты жолаушы болған. Өкінішке қарай, отандастарымыздың бәрі көз жұмды. Экипажда бес адам болған, оның екеуі қаза тауып, үшеуі қаза тапты", - деді Қарабаев.

Сондай-ақ брифингіге Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып жатыр.

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов қазір жедел-тергеу тобымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ақтауда ұшақ құлаған жерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай енгізілгені хабарлаған едік.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні түскі уақытта болды. Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны - 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі