Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды

Фото: freepik
Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркелуде. Қалыптасқан жағдайға байланысты құқық қорғау органдары осындай қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
"Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу және ашу мақсатында жеті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд және LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар 2023–2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында "Кибербақылау" платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді