Түркістан облысында күдікті танысының көлігін заңсыз айдап кеткен

Фото: Zakon.kz
Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері Daewoo Nexia автокөлігін айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған 22 жастағы жігітті құрықтады.

Анықталғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің әріптесі болып шықты.

Өзінің жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра әріптесінің көлігін бірнеше рет сұрап мазасын алған. Алайда көлік иесі оған келісімін бермеген.

Содан айласын асырған жігіт әріптесінің оталдыру кілтін құлпына жиі қалдыратынын есіне түсіп, ертесі күні оған ескертпестен көлікті діттеген жеріне айдап кеткен.

Тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында ұрланған автокөлік Шымкент қаласынан табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз