Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу іске қосылады. Сондай-ақ, түрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің ақпаратынша, отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ.

Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Мұнымен қоса, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және "Көктал" саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

Бұған дейін Жаңа жыл күні Алматыда ауа райы қандай болатындығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты