Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарының жаңа қызметке тағайындалғанын ҚазАқпарат агенттігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі ресми түрде растады.
Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.
1997-2008 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызмет атқарған.
2008-2023 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерді атқарған.
2023 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылдың қыркүйегінде президенттің өкімімен ол қызметінен босатылды.