БАҚ өкілдері төлемдер балаға арналған болса, ата-аналарға жәрдемақы төлеу неге тоқтайтынын сұрады.
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес ата-ананың бала күтіміне байланысты жоғалған табысы өтеледі. Осыған байланысты, егер ата-ана үйде бала күтімімен айналысса және бұрынғы кірісін алмаса, оған жалақының 40% қайтарылады. Егер ата-аналардың біреуі жұмысқа шығып, жалақы алса, онда бұл жағдайда, заңнамаға сәйкес, кірістерді жоғалтуға байланысты төлемдер тоқтатылады", – деді Тамара Дүйсенова.
Ол төленетін басқа да балалар жәрдемақылары бар екенін атап өтті: бала туу, бала күтімі бойынша. Егер отбасы көп балалы болса, онда төлемдер тоқтатылмайды.
"Егер ата – аналар жұмысқа шықса, бірақ аз қамтылған отбасы санатында қалса, онда Мемлекет бала күтімі бойынша жәрдемақы алғанына немесе алмағанына қарамастан, барлық тиісті төлемдерді қосымша төлейді", - деді Тамара Дүйсенова.
Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өскендігі хабарланған болатын.