"Тұман, көктайғақ". Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 қаңтарда еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда да тұман түседі. 

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Семейде де түнде және таңертең қалың тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Оралда да тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Шымкент қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты бірінші дәрежелі ҚМЖ сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Қостанайда да тұман түседі.

Бұған дейін ауа сапасы нашар ШҚО-да экология департаменті басшысының орынбасары сотталғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз