Ауа сапасы нашар ШҚО-да экология департаменті басшысының орынбасары сотталды

Сот үкімі, Өскемен, ШҚО, экология департаменті басшысының орынбасары, парақорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 12:42 Сурет: Zakon.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары сотта ірі көлемде пара алды деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік экология департаменті басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралды.

"ШҚО экология департаменті азаматтардың өтініштері бойынша алтын өндіру фабрикасында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы нормаларының сақталуына қатысты тексеріс жасады. Тексеру барысында құрылысты аяқтау мерзімдері бойынша жобалық шешімдерден ауытқу бөлігінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл жағдай ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы, 4-бөлігіне сәйкес кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына әкеп соқтырады", делінген сот хабарламасында.

Алайда департамент басшысының орынбасары Т. әкімшілік жауапкершілікке тартпау, фабрика қызметін тексеру нәтижесі бойынша оң шешім шығару үшін 2023 жылдың мамыр айында ЖШС директоры С-дан 30 000 АҚШ доллары сомасында пара алды (12.05.2023 жылғы долларға шаққандағы доллар бағамы бойынша – 13 326 600 тенгеге).

"Кінә заттай дәлелдеме - 6 970 000 теңге сомасында ақшалай қаражатпен, сыйақыға мәселенің оң шешімі туралы уағдаластығын растаған куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптамалардың қорытындыларымен расталды", - дейді соттағылар.

Сотталушы Т. кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

Сот жасалған қылмыстың ауырлығына қарай сотталған Т-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сот аса ауыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған тұлғаларға мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылмайтынын еске салды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: