Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023-2024 жылдары 75 үздік жетекші мен әдіскер Сингапур, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Польша және Германияның алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтті.

Бұл мүмкіндік қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынған "Алматы қаласын дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективадағы" Жол картасы аясында қалалық мектепке дейінгі ұйымдар мамандарының біліктілікті арттыру бағдарламасы арқылы ұсынылған.

Тағылымдама барысында қатысушылар шетелдердің мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктерімен танысып, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи және дәстүрлі әдістерін, технологияларын, сондай-ақ маман даярлау және мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мәселелерін зерттеді.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы отандық қана емес, сонымен қатар шетелдік мектепке дейінгі білім беру саласының сарапшыларын да тартуды көздеді.

Айта кетейік, мектепке дейінгі ұйым мамандарының біліктілігін арттыру жобасы 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен басталып, былтыр2 745 балабақша педагогін қамтыды. Бағдарлама педагогтердің кәсіби дағдысын дамыту арқылы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Бұл қаланың мектепке дейінгі білім сапасын арттырып, балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Алматы
Қазақстан
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды