Ақмола облысында туристік агенттік 40-қа жуық азаматты алдап соқты

Фото: pixabay
Ақмола облысында 40 шақты азамат туристік агенттікке алданып, жер сипап қалды. Шетелде демалуды жоспарлаған олар жолдаманы арзан бағаға алдын-ала сатып алмақ болып, әр қайсы 1 млн-нан 5 млн теңгеге дейін қаржы салған.

Алайда, жолға шығатын уақыт келгенде туристік агент ізін суытқан, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қолыма бірде-бір құжат алмай, 1 млн теңгені алдын-ала аударып жібердім. Демалыстың уақыты жақындағанда турагент қоңырауымызға жауап беруді қойды. Біз бірден полицияға арыздандық. Кейін барып турагенттен телефон хабарламасы келіп түседі. Онда фирманың қиын жағдайға түскенін, сондықтан шетелге бара алмайтынымызды жазды." Күмісжан Тұрғынбаева, Көкшетау қаласының тұрғыны

"Сандра Трэйвл" туристік фирмасының басшылығы тарапынан алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп айтты Әлия Біләлова, Ақмола облыстық полиция департаментінің жетекші маманы.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды