Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, зиялы қауым өкілдері мен жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Президентіміз "Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды" деген болатын. Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғанағимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдыңқазан айында сол жағалаудан табыстадық.Осы айдың басында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп ашылды. Бұл арқылы Жаңарық ауылындағы бейімделген ғимаратта орналасқан, Арал қаласындағы үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Бүгін міне, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 млрд 732 млн теңге болатын 600 орындық "Жайлы мектепті" шәкірттер мен ұстаздаригілігіне береміз. Жаңа нысанды салу арқылыбейімделген ғимаратта орналасқан Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің мәселесін шештік. Құрылыс басталғалы бері балаларымызға қала ішіндегі басқа мектепте оқуына тура келді. Ұрпақ игілігіне бағытталғанортақ істе түсіністік танытқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Жасампаз істердің жаршысы болатын жеткіншектерімізенді қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең де жайлы мектепте білім алатын болады. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай", – деді аймақ басшысы.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты іс- шарада білім саласының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтады. Еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.
Айта кетейік, 2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға ұлғайды. Саланың биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға арттық.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Былтыр аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, іске қосылды.Нәтижесінде Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.
"ҚазГермұнай" компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайы", Жаңақорған ауданында "Оқушылар үйі" мен "Өнер мектебі" ел игілігіне табысталды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан "Шығармашылық академиясы",дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, "Саутс Ойл" компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты бой көтеруде. Жыл ішінде Шиелі ауданында да "Оқушылар үйі"мен "Өнер мектебі" жұмысын бастайды.
Биыл "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" есебінен Арал ауданының Жалаңаш ауылынан 150 орындық мектеп салынады.Былтыр 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, биылсоның 9-ы күрделі жөндеуден өтеді.