Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Фото: pxhere
Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты ашты.

51 жастағы күдікті отандасының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен 69 миллион теңгені иемденген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеміз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды